КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Шеру басында Мемлекеттік туымыз көкке көтеріліп әнұран шырқалды. Іс шараны Amanat партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Абраманұлы ашып беріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
— 1990жылы қазан айының 25 күні Жоғары Кеңесінің шешімімен декларация қабылданды. Сол сәттен бастап еліміз өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Ендігі кезекте осы мерекені кең көлемде атап өту бізге берілген үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы жастарымыздың санасына патриоттық ой, өршіл рух беруіміз керек, — деді Ахмет Абдраманұы.
Абай ауылының ішкі көшелерін бір топ автокөлік Мемлекеттік туымызды көтеріп жүріп өтті. Автошеру барысында Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды.
x

Check Also

Президент: Ел тарихындағы саяси-құқықтық бетбұрыс жүзеге асты

«Сондай-ақ еліміздің саяси жүйесінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл билікте өзара тиімді байланыс ...

Шымкент: Көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілуде

2025 жылы Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан ...