ХАБАРЛАНДЫРУ! — Xnews — ақпарат агенттігі

ХАБАРЛАНДЫРУ!

22.10.2022 ж. таңғы сағат 5:55-тер шамасында Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Малик елдімекеніндегі ӨР-нің Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында жарылыс болған.
Осы уақытта Мақтаарал ауданының Өзбекстанмен шекаралас аумақтары тұрғындарына көрші ел тарапынан қатты жарылыс болғаны естілген. Ауданның төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі анықталған жағдайлар қосымша хабарланатын болады.
Бүгін сағат 10:00-де аудан әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті.
Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ екенін хабарлаймыз.
x

Check Also

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді. Мемлекет ...

Жапонияда 2026 жылғы Азия ойындары ресми түрде аяқталды

Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шара 19 қыркүйекте Ойындардың ашылу рәсімі өткен Paloma Mizuho ...