ТҮРКІСТАН МЕН САМАРҚАНД АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАН МЕН САМАРҚАНД АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Самарқанд қаласының әкімі Фазлиддин Умаров Түркістаннан келген өкілдерді арнайы қабылдап, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековке қала күніне орай жолдаған құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі елдің көне шаһарларының іскерлік байланысын нығайтуға ниеттестігін жеткізді.
Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы бас консулы Қанат Қасенов, Түркістан қаласы Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев екі қаланың ортақ мүмкіндіктері туралы айтып, туризм мен өнеркәсіпті өркендету шарттарымен бөлісті.
Туризм мен кәсіпкерлік салаларында, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарында тәжірбие алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру қалалар арасында түзілетін бауырластық меморандум аясында жүзеге асатын болады.
x

Check Also

Бронза с мирового ковра

Шымкентский борец Мардан Орынбасар стал бронзовым призером чемпионата мира по видам борьбы среди юношей до 17 лет (U17), который прошел ...

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...