ТҮРКІСТАН — ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕСІҢ

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды.
Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды.
x

Check Also

Еңбек пен шеберлікке арналған «Shymkent Usta Fest» фестивалі мен оркестрлер шеруі өтеді

Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі. 14 маусымда Арбат алаңында ...

Мемлекеттік ту тұғырымыз

Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбынды. Бұл рәміздер аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің төлқұжаты. Бүгін аудан орталығы Темірлан ...