ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері бизнес идеяларын жүзеге асыру бойынша 400 АЕК көлемінде 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оның ішінде, 29 азамат жастар болса, 37 азамат осал топтағы кәсіпкерлер.
Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгендердің бірі — бес баланың анасы Камила Қарашаева. Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан көпбалалы ана шағын медициналық қызмет көрсету орталығын ашқан. Қазіргі таңда қосымша төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан орталығынан ынғайлы ғимаратты жалға алған кәсіпкер балаларға логопед, дефектолог, легомассаж, иппотерапия, невропатолог салалары бойынша медициналық қызмет көрсетуде. Аталған орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен ауылдық округ әкімі Қ.Ахметов арнайы қатысып, тұрғындар игілігі үшін маңызды кәсіптің өркендеуіне тілектестік білдірді.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...