«ЭКО-БАЗАРДА» АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН — Xnews — ақпарат агенттігі

«ЭКО-БАЗАРДА» АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН

Түркістандағы «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты ұйымдастырылуда. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру, тұрғындарға сапалы өнімдер ұсыну. Жәрмеңкеге Түркістан облысының барлық аудан, қаласынан тауарөндірушілер қатысуда.

– Жәрмеңкеге облыс диқандары мен тауарөндірушілері 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Тауарлар 15-20 %-ға төмен бағада сатылуда. Бұл жәрмеңке үш күнге созылады. Егер тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары болса, мұндай іс-шараларды жалғастырамыз. Диқандарымыз бен кәсіпкерлеріміз «Экобазарда» жұртшылыққа сапалы өнімдерін ұсынуға дайын, – дейді ұйымдастырушылар.

«Экобазардағы» жәрмеңкеге 89 тонна ет және ет өнімдері, 157,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 68,5 тонна сүт өнімдері, 59 тонна бақша өнімдері, 51 тонна жеміс-жидек, 3 тонна бал, 26 тонна жеміс шырындары мен консервіленген өнімдері, 3 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 15 тонна нан өнімдері әкелінген. Сонымен бірге «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Тұрақтандыру қоры арқылы да шекер, ұн және өзге де өнімдер арзан бағада елге ұсынылуда. «Экобазарға» келген тұрғындар мен қала қонақтары жәрмеңкені ұйымдастырған ауыл шаруашылығы басқармасына, сапалы әрі арзан бағада өнім ұсынған кәсіпкерлер мен тауарөндірушілерге, диқандарға ризашылықтарын білдірді.

Түркістандағы «Экобазар» біраз уақыттан бері елге қызмет көрсетіп келеді. Мұнда кәсіпкерлер мен Түркістан тұрғындарына және туристерге барлық жағдай жасалған.

Базар аймағында тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма бар. Қауіпсіздікті сақтау үшін күзет қызметкерлері жұмыс істейді, бейнабақылау камералары орнатылған. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Заманауи «Экобазарда» диқандар өз өнімінін бір қолдан, делдалдарсыз, тікелей ұсынып келеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...

Түркістан облысында биыл 1,3 млрд теңге көлемінде кедендік төлемдер өндіру жоспарланып отыр

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың І тоқсанында өңірде 24 кедендік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 250 миллион теңге қосымша ...