ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ

25 қазан — Республика күні мерекесі аясында мемлекет және қоғам қайраткері, парасатты сыншы, публицист Ілияс Омаровтың 110 жылдығына орай «Қазақ руханиятының қайнары» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Кеш барысында қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Мәрсәліұлы Кеңес, Хамза Пайзыұлы, «Даму» мектеп—лицейінің директоры Юсупова Зейнеш халқымыздың рухани қазынасын байытуға үлкен үлес қосқан, күллі зиялы қауымның құрметіне бөленген, халқына қадірі артқан мәдениет жанашыры туралы ой толғады.

Оқырмандар Ілияс Омаровтың ой толғамдары мен өлеңдерін жатқа оқыса, ал кітапханашылар Ілияс Омаров туралы естеліктерден сыр шертті.

Оқырмандар шара барысында «Ілияс Омаров өз дәуірінің төл перзенті» атты кітап көрмесімен танысты.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...