ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙЫППҰЛЫН ТӨЛЕМЕГЕН 2,5 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында айыппұлын төлемеген 2,5 мыңнан астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz Тәртіп сақшылары әрі олардың заманауи бейнебақылау камераларымен жабдықталған қызметтік көліктері арқылы үш тәулікте айыппұлын төлемей жүрген 2509 жүргізуші анықталды. Олардың жалпы қарызы 19 миллион теңгеден асады. Полицейлердің тиянақты жұмысының нәтижесінде аталмыш айыппұлдың алты миллион теңгеге жуығы өндірілді. Сондай-ақ айыптұрақтарға 30-дан астам автокөлік қойылды. Мысалы, “Борышкер” шарасы аясында Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі полицейлермен бірге рейдке шықты. Осы сәтте рейд ұйымдастырушыларының назарына “Автоураган” көлігіндегі “Қорғау” бағдарламасы бойынша салығын төлемеген Opel Vectra автокөлігі алынып, тоқтатылды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның жылдар бойы айыппұлын төлемей жүргені белгілі болды. Яғни, Сайрам ауданының тұрғыны соңғы екі айдың өзінде 14 рет жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол ережесін өрескел бұзған. Бұл бойынша 150 мың теңгеден астам айыппұл төлеу керек болған, алайда жас жүргізуші мүлдем айыппұлын төлемеген. Одан бөлек, 2021 жылдан бері төленбеген 50 айыппұлы сот орындаушыларына өтіп кеткені айқындалды. Нәтижесінде 64 рет жол ережесін бұзып, онымен қоймай айыппұлдарын төлемеген жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

x

Check Also

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...