ШАХМАТТАН ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ ТҮРКІСТАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласында “Фараб” әмбебап-ғылыми кітапханасында халық­аралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова шеберлік сабақ ойынын өткізді.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев қатысып, әлем чемпионына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
– Шахмат ежелгі спорт түрі. Бұл жай ғана сайыс емес. Біздің жас та талапты шахматшы балаларымыз гроссмейтердің шеберлік сабағынан өтіп, әлем чемпионымен шахмат ойнады. Бұл тәжірибенің берері мол. Қазақ елінің де бұл ойын түріне қосқан үлесі зор. Спортшыларымыз түрлі чемпионаттарға қатысып, әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап жүр,– деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада 20-ға жуық әуесқой шахматшы даңқты спортшымен ойын өткізу мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінде Динара балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахмат ойынын танымал ету мақсатында республиканың көптеген қалаларында және облыс орталықтарында бір мезеттік ойындар, мастер-кластар және турнирлер өткізді.
Әлемдегі ең мықты 10 әйелдің қатарына енген Динара Сәдуақасова қоғамдық жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.
Айта кетейік, шахмат ханшайымы Астанада және Атырау қаласында өзінің шахмат академиясын ашқан болатын. Ол мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар жеткіншектер мен жетім балалар үшін тегін сабақ беріледі.
x

Check Also

Намыстың найзасын ұстаған журналистің үш ерлігі

2025 жылдың 24 қазанында Шымкенттегі Әл-Фараби кітапханасы бақ қараған Бақтияр Тайжанның сөзі мен сыры үйлескен кереметтей шығармашылық кешін өткіземін деп ...

Көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін Шымкент қаласындағы көркем гимнастика спорт кешенінде көпшілік асыға күткен «Шымкент қаласы Әкімінің Кубогы» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Әсемдік ...