ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ? — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?

Облыс орталығында “ЖАСӨСПІРІМ” рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда.
Балалар мен жасөспірімдердің беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы мен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, “Адами әлеуетті дамыту” бөлімі және қалалық прокуратурамен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді.
Бақылау нәтижесінде ішкі істер органына 25 жасөспірім жеткізілді.
Олардың ата-аналарына- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы), кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойынхана иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, Түркістандық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеді.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Көрісу күні – ізгілік пен татулықтың бастауы

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің ...

Шымкент: Көрісу мерекесі жастардың басын қосты

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 14 наурыз – Көрісу күні – татулық пен ізгі ниеттің мерекесі. Ұлттық салт-дәстүрге негізделген бұл ...