ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақ күресінен Сайрам ауданында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнир өтті.
Тартысты додаға облыстың аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақ күресін насихаттау мақсатында өткен шарада 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Түйе балуандар арасында бас жүлдеге қол жеткізген балуан Түркістан қаласының тумасы Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы «Nexia» автокөлігінің иесі атанды.
Екінші орынды да жерлесіміз Әбдіғани Бибарыс иеленді.
Екі жеңімпаз да Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің спортшылары.
x

Check Also

10 жастағы әлем чемпионы

10 жастағы шымкенттік спортшының 100-ден аса медалі, 4 чемпиондық белбеуі бар. Джиу-джитсумен 5 жылдан бері шұғылданатын Арсен Берік – екі ...

Шымкентте Азия пара ойындарының жүлдегерлерін қарсы алды

Жапония төрінде топ жарған шымкенттік спортшылар елге олжалы оралды! V Азия пара ойындарының жүлдегерлері Ибрагим Нұрмаханұлы мен Айсұлтан Кулкаевты туған ...