Қазығұртта 4,5 мың гектар жер тұрғындарға қайтарылады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында жер дауы шешімін тауып келеді. 22 қыркүйекте Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы, Қарабау және Сынтас елді мекендерінде тұрғындармен «Қарабау ТӨШ» ЖШС-нің теңгеріміндегі жер телімдерін пай үлеске бөліп беру мәселесі қаралды. Жиналыста ауыл тұрғындары талабы егістік жерді «Қарабау ТӨШ» ЖШС-нің теңгерімінен аудан қорына қайтарып, ауыл тұрғындарына пай үлеске бөліп беруді талап еткен болатын.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма басшылары ауыл тұрғындарының талабын толық тыңдап, нақты шешімді айтатын болып келісілген-ді.

Осыған орай 27 қыркүйекте Қазығұрт ауданына ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Бекбауов, «Ұлттық аграрлық білім беру орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Д.Балпанов арнайы келіп, үш ауылдың тұрғындарымен кездесті. Кездесу нәтижесінде «Қарабау ТӨШ» ЖШС-не қарасты 4959,5 гектар жердің 4468,5 гектары ауданның арнайы жер қорына қайтарылатын болып шешілді. Ол жер үш ауылдың тұрғындарына теңдей бөлініп беріледі.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...