Түркістан облысында 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе басталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе басталады

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов айтты.

«19 қыркүйек күні 2022-2023 жылдардағы эпидмаусымына арналған ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты. Осы ретте ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап Республика көлемінде тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады. Түркістан облысы да тұмау/ЖРВИ-ге қарсы егу жұмыстарын бастауға толық дайын», — деді Нұрбек Садықбекұлы.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері облыста тұмау инфекциясының сырқаттанушылығы тіркелмеген. Ал ЖРВИ инфекциясынан 4 099 жағдай тіркелген. Яғни бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге төмендеген.

«2022-2023 жылдары тұмау/ЖРВИ-ге қарсы шараларды жүргізу үшін, Түркістан облысына 304 000 доза Ресейдің «Гриппол плюс» вакцинасы жеткізілді. Партия көлемі тұмауға қарсы вакцинациямен облыс тұрғындарының 15,2 пайызын қамтуға жетеді. Оның ішінде, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер — 16 383, диспансерлік есепте тұратын балалар — 75 989, медицина қызметкерлері — 23 288 және т.б. Тұмауға қарсы вакцина бөлініс бойынша облыстағы барлық аудандарға жеткізілді. Тиісті контингенттер толық егіледі.», — деді Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Нұрхан Нарымбетова.

Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцина ең алдымен қауіп-қатер тобына жататын адамдарға жүргізіледі. Яғни, медицина қызметкерлеріне, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдерге, диспансерлік есепте тұрған балаларға, жиі ауыратын балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мектеп интернат балаларына, сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға. Ал өз еркімен екпе алғысы келетіндер үшін арнайы кабинеттер бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...