Сарыағашта 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағашта 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан облысында биыл 34 мектеп ашылады. Солардың бірі – Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданында салынуда. Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев құрылысы аяқталуға жақын 900 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Жыл санап бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі туындаған болатын. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуда.

Қазіргі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы – 2,6 гектарды құрайды. Аталған аумақта оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана сондай-ақ спорт алаңшасы орналасқан. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесі биыл қазан айында тапсырылмақ.

Құрылыс нысанын аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына талап қойып, орын алған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ белгіленген кестеге сәйкес құрылыс нысанын ел игілігіне тапсыру керектігін айтты. Сонымен бірге оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаңа мектеп ғимаратында бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектеп биыл пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...