Қазығұртта 45 метр биіктікке алып ту орнатылды (видео)

Қазығұрт ауданында Шымкент-Ташкент күре жолдың бойына орналасқан «Мәңгілік Eл» саябағында Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай игі іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 45 метр биіктікте орнатылып, тутұғыр ашылды.

Жиында сөз алғандар тудың көкке көтерілгені жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайтынын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Жалпы құны 35 млн. теңге болатын жоба аясында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту қойылған. Қастерлі рәміздің жан-жағы абаттандырылып, орындықтар мен қауіпсіздік шаралары да қолға алыныпты. Тутұғлың биіктігі негізгі діңгектің түбінен алғанда 45 метрді құрайды. Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырдың берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...