Мәжіліс депутаты Созақтықтармен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәжіліс депутаты Созақтықтармен кездесті

Созақ ауданына арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісі депутаты Қайнар Абасов бірқатар кездесу өткізді. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, индустриалды аймақта орналасқан «Дархан-АС» ӨК-де болды.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов мердігер мекеме «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа сай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып, аудан үшін маңызды құрылысты аяқтауға қолбайлау болып тұрған мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады.

Орталық стадионда спортшылармен жаттықтырушы құрамымен кездесті. ҚР Парламент мәжілісінің депутатының алдында аудан спортындағы жетістіктермен қатар толғандыратын мәселелер сөз болды. Аудандардағы спорт мектептерінің облыстық бюджеттен қаржыландырылуы, жаттықтырушыларға тиісті деңгейде қолдау көрсетілмеуі, тәжірбиелі жақтырушылардың айлық ақыларының аздығынан жалпы орта мектептерге ауысу жағдайлары жиілеуі, осыған байланысты педогогтар мен жаттырушылардың дәрежесін теңестіру қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Бегалыұлы Созақ ауданындағы индустриалды аймақта орналасқан «Дархан-АС» ӨК жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесу өткізді. Мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды тарқатып түсіндірді. Жартытөбе ауыл округінде «Бабата-1» шаруа қожалығында болып, онда шаруа қожалық иелерімен кездесті. Қазіргі таңда субсидия мен несие алу, жерді жалға алу тағы да басқа мәселелер туралы сөз болды. Парламент мәжілісінің депутатына кәсіпорын басшылары мен шаруа қожалық иелері сауалдарын қойып, айтылған ұсыныстар назарға алынғанын, тиісті министрлікке жеткізетінін айтты.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...