Отырарда 84 жастағы зейнеткер ауылына көпір салып берді

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді.

Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Аталған көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке барып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайымын сейілтіп, тұрғындарға қуаныш сыйлауда.

Аталған көпірдің лентасы қиылып, тұрғындар осы өнегелі ісімен елге сыйлы болған Әжекбар қарияға алғысын жаудырды. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев ақсақалға Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтың құттықтау хатын табыстады.

Ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еткен Әжекбар Қорғанбеков бүгінде 84 жасқа толып отыр. Бейнетінің зейнетін көрген абыз ақсақал көпірді салу мәселелесі көтерілгенде қарап отыра алмағанын, туған елге, туған жерге азаматтық парызын осындай өнегелі істерімен өтеуді жөн санағанын айтады.

– Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылдарымыз көркейе берсін, – дейді Әжекбар ата.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...