Шардарада 70 әлем чемпионы бар (видео)

Шардарада білегі мықты 70-тен астам әлем чемпионы тұрады. Тіпті бір көше бойындағы құдай қосқан он көршінің бесеуі спорт шебері, деп хабарлайды Xnews «Ońtústik» телеарнасына сілтеме жасап.

Кешегі Түркия елінің Стамбул қаласында өткен соңғы кәсіпқойлар арасындағы East vs West 4 жекпе-жек сайысында Ақыштық алпауытты жеңіп Қазақстанды әлемге танытқан Қыдырғали да осы шағалалы қала тұрғыны. Кіл мықтыларды аты алты алашқа әйгілі Арман Қарсыбаев ағалары тәрбиелеген.

Жаттығу залында қарбалас.Бірі қарсыласымен қол күрестірсе енді бірі ауыр гір тастарын көтеріп жаттығып жатыр. Босаңсуға уақыт жоқ. Алда әлемдік дода тұр.Қазір Шардарада 70-тен астам әлем чемпионы бар. Одан өзге жүзге жуық Азия мен басқа да ірі-ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары тұрады. Алдағы Түркияда өтетін әлем біріншілігінен кейін чемпиондар қатары 100-ден асуы мүмкін. Өйткені додаға 60 спортшы қатысады. Кіл мықтылар іріктелген. Олардың басым бөлігі топ жаратынана сенімдімін,дейді клубтың аға жаттықтырушысы.

Бұл залда қол күресінен 100 келі салмақта Әлемдік рейтигті өзгерткен Қыдырғали Оңғарбаев та жаттығады. Түркия елінің Стамбул қаласында өткен соңғы кәсіпқойлар арасындағы жекпе-жек сайысында ол АҚШ тық абсалалюттік чемпионыН жеңіп, Әлемдік рейтингті өзгерті. Сөйтіп Қыдырғали қатарынан 26 жыл өзгеге дес бермей жүрген білектіні мойындатып Әлемдік рейтинг бойынша 1 орынға табан тіреді. Оның ендігі арманы алдағы әлем чемпионатында топ жару

Спорт жанашыры Арман Қарсыбаев ашқан кешенде қазір мыңға жуық ауыл жастары жаттығып жүр. Арасында бұрымды қаракөздеріміз де бар. Солардың бірі Азия чемпионы Ақниет Жолдыбай. Ол небәрі 4 жылдың ішінде бірнеше рет дүбірлі додаға қатысып,топ жарған. Ақниетті анасының өзі қолынан жетектеп спорттың осы түріне алып келген екен. Жеңіске жету үшін білек те жүрек те керек, дейді чемпион қыз.

Атағы алты алашқа белгілі спорт клубына тіпті әлемнің түпкір-түпкірінен кіл мықтылар келіп жаттығады екен. Олар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай білегі мықты қазақ жігіттерімен жаттығу өткізеді екен. Жуырда Хорватия мен Оңтүстік Кореяның қол күресшілері келіп дайындықтан өткен.

Клубта 30-ға жуық жаттықтырушы бар. Кіл мықтылармен қатар чемпиондар да ауыл жастарына білгенін үйретеді. Бастысы чемпион атану емес адам болып қалыптасу,дейді шардаралық спортшылар.

© Ońtústik TV