Шымкент әкімі»QazVac» екпесінің төртінші бөлігін салдырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент әкімі»QazVac» екпесінің төртінші бөлігін салдырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы QAZ VAC екпесінің төртінші құрамдас бөлігін №3 қалалық емханасында салдырды.

Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болды. Қазір жағдайы жақсы.

Ревакцинация вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы.

Айта өтсек, Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 1215 адам аурудан айыққан. Соңғы тәулікте 18 адамнан қауіпті ауру белгілері анықталды. Бүгінде 32 адам стационарда, 697 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

Вакцинаның
1-ші компонентін — 619 672,
2 -ші компонентін — 608 458,
3 -ші компонентін — 361 151,
4 — компонентін – 21910 адам салдырған.

Өзіңіз және жақындарыңыздың амандығы үшін екпе қабылдаңыздар!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...