Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

Қазақстандағы «Шелл» концернінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылмақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады. Түркістан облысы әкімдігі жаңа жобаны жан-жақты қолдау әзір. Ол туралы Сәкен Қалқаманов баяндап, жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылатынын жеткізді.

Бұл жоба өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және баламалы энергия көздерінің жаңа мүмкіндіктері жайында хабардар етуге бағытталған. Оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды. Күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш. Жоба жүзеге асқанда оқу орны тұтынылатын электр энергиясын жылына 30%-ға дейін үнемдейді. Әрі оқушылардың зертхана орталығына айналады.

Осыған дейін Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылған еді. Білім ұясының аумағында орнатылатын күн қуатын пайдаланатын заманауи құрылғы Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Eni» компаниясының мұрындық болуымен жүзеге асты.

«Шелл» компаниясынан осыған дейін Нұр-Сұлтан, Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станцияларын орнатқан. Түркістан өңірі еліміз бойынша мектеп санынан да, бала туу көрсеткіші бойынша да көш бастап келеді. Облыс аумағында 900-ден астам білім ұясы бар. Осы орайда жаңа жобаны ауылдық жерлердегі мектептерде де орнату мәселесі қарастырылуда.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...