Келестіктер «Avtopicnik» атты көлік құрап шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Келестіктер «Avtopicnik» атты көлік құрап шықты

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

— Бұл көлікті бірнеше мақсатта жасап шығардық. Қазір бұл көлік табиғат аясындағы демалысқа пайдалануға өте қолайлы. Шағын және ыңғайлы, жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейіннен қайта жинақтап қоюға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шығып, «World skills» чемпионатында жүлдеге ие болдық, — дейді жоба жетекшісі Бахтияр Дустанов.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған көліктің мүмкіндіктерімен танысып, жобаны жүзеге асырған шығармашылық ұжымның еңбегін жоғары бағалады.

Айта кетейік, «Avtopicnik» көлігі оңтүстік кореялық GM Daewoo компаниясының Daewoo Damas атты микроавтобусынан жасалған. Ерекшелігі — жанармайды өте аз тұтынатын көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. Ал қараңғы уақытта күннен қуат алатын құрылғы өз жарығымен қуаттала береді. Ол үшін жанып тұрған шамдарды қуаттағышқа қаратып қою жеткілікті.

Осыған дейін де аталған колледж ұжымы жанар-жағар майсыз электр қуатымен қозғалатын көлік құрап шығып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...