Шымкенттік Илон Маск (видео)

Жанармаймен жүретін көліктерден бас тартып, электромобильге көшу бүгінде дүниежүзінде кеңінен етек алған үрдіс. Мұның экологиялық тазалыққа да тигізер септігі ұшан теңіз. Осындай игі істі қолға алғандар қатарында жерлесіміз Нұрсұлтан Сейсенбай да бар. Ол тоқпен жүретін көліктерді өзі жасап шығаруда. Жас өнертапқышпен тілдескен «Ońtústik» телеарнасы хабарлайды.

Қазақстанда электр тоқымен жүретін көліктердің барын білесіз бе? ол әлемдегі Tesla көшлігінің отандық баламасы. Оны Шымкенттік Нұрсұлтан Сейсенбай есімді азамат құрастырып, қазіргі таңда қолданысқа енгізіп жүр. Керемет емес пе? Жанармай құймай, телефон секілді тоққа жалғап қуаттайсызда жүре бересіз.

Жанармаймен жүретін көліктен бас тартып, электромобильге көшу – бүгінде дүние жүзінде кеңінен етек алған үрдіс. Бұл қатарда шымкентік Нұрсұлтан Сейсенбай да бар. Ол тоқпен жүретін көліктерді өзі жасап шығарып жүр. Кейіпкеріміз инженерлік сала бойынша шет елдерде білімін жетілдіріп, бірнеше жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Бүгінде ісі алға басқан Нұрсұлтан Сейсенбай заман талабына сай сәнді, экологиялық таза, мүлде шу шығармай қозғалатын техникалар жасап шығарады.

Электромобильдер әдеттегі автоларға қарағанда әлдеқайда үнемді. Бір техниканы 100 процент қуаттау үшін сағатына орта есеппен 30 кВт электр энергиясы жұмсалады екен. Техникаларға сұраныс та жоғары.

-Біздің көліктерді Британияда сұрастырып жатыр. Бір көлікті сонда көрмеге қоямыз. Бір көлікті лотореяға сұрап жатыр. Біздің мақсат шымкентте ең болмаса көлік шығармасақта, ең болмағанда оның бір бөлігін болсада шығару,-деді өнертапқыш Нұрсұлтан Сейсенбай.

Бүгінде кейіпкеріміздің коллекциясында 10-нан аса автомобиль бар. Бағасы да колжетімді. Жаңа Қазақстанның әр тұрғыны сапалы, экологиялық таза, әрі үнемді көліктермен жүрсе екен дейді Нұрсұлтан Сейсенбай.

 

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...