Шымкентте қала күні тойланды

19 маусым – «Қала күні» мерекесіне орай Әл-Фараби алаңында «Шарықтай бер, Шымқалам» атты мерекелік гала-концерт өтті. Мереке қарсаңында қалада жиырмаға жуық іс-шара ұйымдастырылған болатын.

Қорытынды кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатыстып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

Концертте барша қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары — «Жігіттер» тобы, Заттыбек Көпбосынов, Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев және өзге де әншілер өнер көрсетті. Кеш соңы от шашумен аяқталды.

Биыл Шымкентте Қала күні үшінші рет тойланып отыр. 2200 жылдық тарихы бар көне қала осыдан 4 жыл алдын мегаполис статусын алды.

x

Check Also

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына ...

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап ...