«Екі қызға көмектеспек болған»: ШҚО-да жас жігіт суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы оқиға 13 маусымда кешкі уақытта Ұлан ауданында болған. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусымда Ұлан ауданында сағат 18:30 шамасында рұқсат етілмеген жағажайда оқиға куәгерлері 2000 жылы туған жігіттің денесін судан алып шыққан.

Жақын маңайда демалып жүргендердің бірінің айтуынша, ол айқайлаған дауыс естіген. Осыдан кейін олар бірнеше адам жиналып қалған орынға жүгіріп барған. Осы кезде жас жігітті судан алып шыққан.

«Біз және тағы екі жігіт жасанды дем алдыра бастадық, бірақ суға батқан ер адам есін жимады», — дейді әйел.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жас жігіттің қайтыс болғанын анықтаған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.

«Алдын ала дерек бойынша жігіт өзімен бірге демалып жүрген екі қызға көмектеспек болып батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Свыше 550 специалистов ПМСП приступили к обучению в рамках года повышения квалификации

В целях повышения качества и доступности медицинской помощи Министерством здравоохранения Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом повышения квалификации специалистов первичной ...