Жалға алынған көліктерді ломбардқа өткізген — Xnews — ақпарат агенттігі

Жалға алынған көліктерді ломбардқа өткізген

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Топ жетекшісі қаладағы ломбардтардың бірінің бұрынғы қызметкері болған. Осы салада жұмыс істеген жылдары жинақталған тәжірибесін қолдана отырып, үлкен ақша табудың жолын ойлап тапқан. Алаяқтыққа өзінің сегіз танысын тартқан. Қылмыстық топтың әр мүшесінде өз міндеттері болған. Бірі таныстары арқылы немесе жалға қымбат көліктер табумен айналысқан. Екіншісі жалған құжаттар жасаған. Осылайша алаяқтар нақты жасалған кесте бойынша әрекет етіп, бір жыл ішінде Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200 сияқты қымбат бес шетелдік көлікті ломбардтарға өткізіп үлгерген. Уақытша алынған автокөлік үшін алаяқтар жаңа құжаттар жасап отырған. Топ жалған құжаттарды тұрғылықты жері жоқ адамдарға рәсімдеген. Автоломбардтарға жалған құжаттары бар көліктерді өткізіп отырған.

Біраз уақыттан кейін қарыз алушылармен байланысқа шыға алмаған ломбард жұмысшылары алаяқтық туралы полицияға жүгінген. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млн теңгені құраған.

ҚР ҚК-нің 262-бабымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық), ҚР ҚК-нің 385-бабымен (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк поштатөлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), ҚР ҚК-нің 386-бабымен (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу). Қазіргі уақытта ҰҚТ-ның барлық мүшелері, яғни 9 адам қамауда. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...