Үй жағдайында саңырауқұлақ өсірген бала — Xnews — ақпарат агенттігі

Үй жағдайында саңырауқұлақ өсірген бала

Темірлан ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты.

Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге бар ынты-шынтысымен кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған. Алдағы күндері бала агроном үй іргелік жерінен жылына 4 өнім алмақ. Тіпті, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы кәсібін дамытуды көздеп отыр.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...