Қаратау ауданында 6 мыңнан аса мұқтаж отбасы азық-түлікпен қамтылды

«Raimbek & Company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасыға азық-түлік жиынтығын үлестірді.

«Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуіне, қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде көпшілік ауызашар жасайды. Неге биыл ауызашарды осындай көмекпен алмастырмасқа деген ой келді. Әлемнің барлық діндері үнемі көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырады. Мен осы бастаманы қолдауға шақырамын. Бұл челлендждің бастауы болсын», — деді Бауыржан Анарбеков.

Кәсіпкерге өзінің бастамасымен «Шымкенттің қайырымдылар клубы», «Жас еріктілер лигасы», «Жастар ресурстық орталығы» және журналисттер, сонымен қатар азық-түліктерді таратуға «Регион такси» басшылығы қолдау көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...