БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ — Xnews — ақпарат агенттігі

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында балаларға арналған ашық есік күні «Асар» шағын ауданында орналасқан Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ұйымдастырылды.

Таңғы сағат 9.00-ден бастап 14.00 аралығында дәрігерлер жас пациенттерді қабылдап, кеңес берді. Қаралуға келген балалардың көңіл-күйін көтеру үшін арнайы аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері шақыртылған. Көңілдері көтерілген балалар аналарымен бейінді мамандардың қабылдауында болып, УДЗ мен зертханалық тексерулерден өтті.

Ашық есік күні жалпы 150 ден астам бала қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандарының, яғни, эпилептолог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлерінің қабылдауында болып, диагностикалық және зертханалық тексерулерден өтті.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...