«Дәстүрлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Дәстүрлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті

Бүгін Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында көне заманнан келе жатқан асыл мұраларымызды, ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ән қазынасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дәстүpлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасында өткен этно-танымдық шарада өңірімізге белгілі өнерпаздар қазақ халқының мерей тұтар асыл мұрасы, бүгінгі ұрпаққа жеткен дәстүрлі өнердің қаймағы ғұрыптық әндер-бесік жыры, тұсау кесер жыры, беташар, сыңсу, аушадияр, жар-жар, тойбастар, бақсылық өнер, ауылдың алты ауызы, жарапазан, жоқтау сынды ғұрыптық әндер мен көнеден жеткен ән-жырдан шашу шашты.

«Мың жыл бұрынғы саздың, күй мен сарынның бүгінгі күнге жетуінің өзі халықтың ұлттық болмысының биік көрінісі. Ендеше, бұл өнер үлгісінің ғұмыры ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек», — деді орталық директорының орынбасары Райхан Сапарқызы.

Тағылымы мол шараға мәдениет саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары, студенттер қатысты.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...