Көлгінов: 2020 жылы 2 есе көп мектеп салынады

Биыл Нұр-Сұлтанда 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады. 2020 жылы 12 мектеп пайдалануға беріліп, тағы 12 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Мектептер сұранысқа ие. 20 мыңнан астам оқушы орны құрылады. (Екі ауысымда-40 мыңнан астам оқушы орны). Елорда әкімі Алтай Көлгінов Майқайың мен А351 көшелерінің қиылысында орналасқан мектептің құрылысымен танысты. Мектеп 1200 орынға есептелген, 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Қалада халық санының өсуіне орай әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. Қазір үш ауысымда оқытып жатқан мектептер бар. Үш ауысымды оқыту мәселенін шешу үшін жылына кем дегенде 10 мектеп салу қажет. Биыл 12 мектеп және 2021 жылы тағы сонша мектеп салынады. Құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, абаттандыру мәселелерін алдын ала шешу қажет. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек, — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Мектеп құрылысына жеке инвесторлар да қатысып жатыр. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Су басқан аймақтарға ...

В ходе паводков было спасено свыше 120 тыс. граждан в Казахстане

За весь паводковый период было спасено свыше 120 тыс. граждан, которые были размещены в пунктах временного размещения, им была оказана ...