Шымкент: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 11 азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізді.

Қаратау ауданы Бозарық елді мекенінің тұрғыны Алмасхан Еспаев Таскен шағынауданы тұрғындарына өз есебінен ауыз су жүйесін жүргізген, оны коммуналдық меншікке қабылдауға ықпал етуді сұрайды.

Қала әкімі бұл азаматтың өтінішін жеке бақылауына алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды орынбасары Мәулен Айманбетовке тапсырды. Қазір жауапты ұйым тарапынан жүргізілген су құбырының сызбасы дайындалуда. Жүйенің техникалық құжаты дайын болған соң, аумақ тұрғындарымен жалпы жиналыс өтетін болады. Қоғамдық тыңдаудың қорытындысымен, ауыз су жүйесі, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапкершілігіне өткізілмек.

«Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны, 5 тұл жетім баланың әжесі – асыраушысы Қызайым Байғазиева тұрғын үй және әлеуметтік көмек беру мәселесін көтерді. Қамқорлықтағы балалардың үлкені тұрғын үй кезегіне 2015 жылы тіркелгені атап өтіліп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана заң шеңберінде кезек ретімен табысталатыны түсіндірілді. Абай ауданы Жайлау шағынауданының тұрғыны Әйгерім Орынбасарова 2018 жылдан бері баспана кезегінде тұрғандығын айтып, тұрғын үй алуға жәрдем беруін сұрайды. Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін атап өтті.

Биылғы жылы қаламыз бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 60 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарланғанын жеткізді. Оның ішінде 25 пәтер пайдалануға берілген. Қалған 35 пәтер құрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына сәйкес азаматтарға берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ, қала әкімінің қоғамдық қабылдауына жазылған П.Тұрбеков, Г.Есмұрзаева жер учаскелері бойынша мәселелерін көтерді. Шаһар басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін мәлімдеді.

x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...