Қалалық №1 клиникалық аурухана су жаңа құрылғымен жабдықталды

Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасында Тәуелсіздік мекересі қарсаңында АҚШ-тан әкелінген компьютерлік томография құрылғысы іске қосылды. Ем-дом көрсету мекемесінде ашылған компьютерлік томография кабинетімен танысқан шаһардың бас дәрігері Бақытжан Позилов аппарат инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Бұл жеке инвестордың есебіне алынған құрылғы. Қаладағы медициналық орталықтарда 21 компьютерлік томография болған. Көбі жекеменшік мед орталықтарда орналасқан. Ал жаңа аппарат соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. №1 клиникалық ауруханасына тәулігіне орташа есеппен 200-ге жуық науқас түседі. Кейде жедел медициналық көмекке жүгінген науқастарға зерттеу жүргізуде аталған құрылғының пайдасы зор. Әсіресе, ишемиялық инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға септігін тигізеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесінде осындай құрылғы ел игілігіне беріліп отыр. Ауруханаға келген науқастар компьютерлік томографияға тегін түсіріледі, — деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Жалпы компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...