Жаңа диагностикалық аппарат ауруды дер кезінде анықтайды

Шымкент қалалық балалар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, бұл қондырғы жергілікті бюджет есебінен сатып алынған.

«Nanoduct» қондырғысы арқылы енді дәрігерлер жаңа туылған сәбилердегі тұқым қуалайтын муковисцидоз дертін дер кезінде анықтай алады.

Бұған дейін дәрігерлер балалар арасындағы мұндай ауруларды ерте сатысында анықтау үшін Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама арқылы жіберіп анықтайтын.

Енді тумасынан ауыр дертке шалдыққан нәрестелер диагностикалық тексерулер үшін өзге қалаға қатынамайтын болады.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...