1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тыл еңбек ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.
Алдымен Әзімбек Пазылбекұлы 90 жастағы Дариха Ертайқызы Джумашеваның үйіне барып, ардагерге ізгі тілегін жеткізді.
Дариха апа – тыл еңбек ардагері, көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері. Алты перзент тәрбиелеп өсірген ардагер бүгінде 21 немере мен 27 шөберенің қызығын көріп отыр.
Сонымен қатар, 88 жастағы Қыдырбек Тәженұлы Тәженовті мерекесімен құттықтады.
Қыдырбек ата – тыл еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы және сауда саласының білікті маманы, басқарушылық және есеп жұмыстарында абыройлы еңбек еткен азамат. «Жеңістің 80 жылдығы» медалінің иегері. Он баланы – 4 ұл мен 6 қызды тәрбиелеп өсірген ардагер бүгінде ұрпағының құрметіне бөленіп отыр.
Кездесу барысында қала әкімі ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, олардың ел тарихындағы еңбегі мен өмірлік өнегесінің кейінгі ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Түркістан қаласында ардагерлер мен қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамдағы белсенділігін қолдау бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасуда.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары