Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары күшейтілді

Түркістан қаласында жылыту маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт пен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жылыту маусымына дайындық барысымен, арнайы техника мен құрал-жабдықтармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.

Қала аумағында әлеуметтік жағдайы ерекше назардағы 200-ге жуық тұрғын үй анықталып, газ жабдықтары мен мұржалардың жарамдылығы, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді. Тұрғын үйлерге 200-ге жуық газ сигнализаторы орнатылып, қауіпсіздік талаптары жазылған 1000-ға жуық ақпараттық парақша таратылды.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси автокөліктеріне қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық материалдар мен QR-кодтар орналастырылды.

Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – басты міндет. Қала тұрғындарын алдын алу жұмыстарын жүргізіп, мұқият болуға шақырамыз.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...