Ордабасы: Қараспанда жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Қараспанда жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елді мекенде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысы биыл шілде айында басталып, бүгін ел игілігіне берілді. Жаңа бекет Қараспан ауылдық округіндегі 14 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт пен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.

Қараспандағы жаңа нысан – «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ашылып жатқан 16-шы өрт сөндіру бекеті.

Бекет заманауи талаптарға сай қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда 6 қызметкер жұмыс істейді. Нысан арнайы өрт сөндіру автокөлігімен қамтылып, шақыртуларды қабылдау бөлмесі, жатын бөлме, асхана және жуынатын бөлме қарастырылған.

Бекеттің ашылу салтанатына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдад Чайзада, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, Ордабасы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жомарт Қоспанов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, бекеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ аудан әкімі Қараспан ауылдық округінің әкіміне өрт сөндіру бекетінің кілтін табыстады. Бекетке арнайы өрт сөндіру автокөлігі мен қажетті құрал-жабдықтар беріліп, қызмет көрсетуге кірісті. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерге алғыс хат табысталды.

Шара барысында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Салтанатты шара соңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдад Чайзада, аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және ауыл қариялары бекет ауласына шырша көшеттерін отырғызды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...