Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшылары ел қоржынына кезекті екі жүлдені салды.
Бокстан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттік боксшы жарыс барысында үш қарсыласын да айқын басымдықпен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.
Төрехан Сабырханның жарыстағы нәтижесі:
▪️ 1/8 финал – Мохаммед Дбичи (Қатар), 5:0
▪️ 1/4 финал – Әли Касим Хамдан Әл-Сарай (Ирак), 1-раундта нокаут
▪️ 1/2 финал – Шавкатжан Болтаев (Өзбекстан), 5:0
▪️ Финал – Зейад Ишаиш (Иордания), 5:0.
Осылайша Төрехан Сабырхан Қазақстан құрамасының Азиададағы оныншы алтын жүлдесін қоржынға салды. Қазақстан боксшылары бұған дейін Азия ойындарында алтын жүлдені 2014 жылы Инчхонда иеленген болатын.
Ал еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Шымкент қаласының спортшысы Начын Куулар қола жүлде үшін Солтүстік Корея өкілі Ким Кван Жимен кездесті. Тартысты белдесуде есеп бойынша есе жіберіп тұрған Начын Куулар жекпе-жектің шешуші сәтінде басымдық танытып, қарсыласын 7:5 есебімен жеңді.
Осылайша шымкенттік спортшылар Аичи-Нагоя төріндегі ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, бір алтын және бір қола жүлдеге қол жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
➖
Спустя 12 лет в боксе – золото, в вольной борьбе – бронза
На проходящих в японской префектуре Айти и городе Нагоя XX летних Азиатских играх спортсмены города Шымкента завоевали для сборной Казахстана ещё две медали.
В весовой категории до 70 кг по боксу чемпион мира Төрехан Сабырхан в финале встретился с представителем Иордании Зейадом Ишаишем и одержал победу со счётом 5:0. Шымкентский боксёр уверенно победил всех трёх соперников на турнире и стал чемпионом Азиатских игр.
Результаты Төрехана Сабырхана:
▪️ 1/8 финала – Мохаммед Дбичи (Катар), 5:0
▪️ 1/4 финала – Али Касим Хамдан Аль Сарай (Ирак), нокаут в 1-м раунде
▪️ 1/2 финала – Шавкатжан Болтаев (Узбекистан), 5:0
▪️ Финал – Зейад Ишаиш (Иордания), 5:0
Таким образом, Төрехан Сабырхан принёс сборной Казахстана десятое золото на Азиатских играх. До этого казахстанские боксёры завоёвывали золотые медали на Азиаде в 2014 году в Инчхоне.
В вольной борьбе в весовой категории до 65 кг спортсмен города Шымкента Начын Куулар в схватке за бронзовую медаль встретился с представителем Северной Кореи Ким Кван Джи. Уступая по счёту, Начын Куулар в решающий момент сумел перехватить инициативу и одержал победу со счётом 7:5.
Таким образом, спортсмены Шымкента достойно представили страну на XX летних Азиатских играх в Айти и Нагое, завоевав одну золотую и одну бронзовую медали.
Пресс-служба акима города Шымкент
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары