Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша оқудың бірінші легі аяқталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша оқудың бірінші легі аяқталды

Түркістан қаласында тауардың шығу тегін ресімдеу, растау және сертификат беру саласында қызмет атқаратын мамандар мен осы бағытта жұмыс істеуге ниетті кандидаттарға арналған оқу бағдарламасының бірінші легі өз мәресіне жетті.

Бес күнге созылған оқу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында тауардың шығу тегін айқындау тәртібі, преференциялық және преференциялық емес сауда режимдері, экспорттық тауарларды сертификаттау, ЕАЭО аясындағы шығу тегін анықтау қағидалары, халықаралық сауда келісімдері, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі және электрондық сертификаттау жүйесінде жұмыс істеу тәртібі бойынша білімдерін жетілдірді.

Бағдарлама аясында теориялық дәрістермен қатар практикалық сабақтар, электрондық жүйеде жұмыс істеу бойынша демонстрациялар, тестілеу және ауызша емтихан өткізілді.

Оқу бағдарламасының қорытынды кезеңінде ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев қатысушыларды оқу курсын сәтті аяқтауымен құттықтап, сертификаттарын табыстады.

Сондай-ақ ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Калигазин қатысушыларды оқу бағдарламасын сәтті аяқтауымен құттықтап, кәсіби жолдарында алған білімдері мен тәжірибелерін тиімді қолдануына тілектестік білдірді.

Ал Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысушыларға жаңа білімдерін тәжірибеде тиімді пайдаланып, кәсіби қызметтерінде жоғары нәтижелерге жетуіне сәттілік тіледі.

Оқу нәтижесінде сертификат алған мамандар тауардың шығу тегін айқындау және сертификаттау бағытындағы кәсіби білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

Білікті маман – сапалы қызметтің негізі. Ал мұндай оқу бағдарламалары кәсіби құзыреттілікті арттырып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жетілдіруге жол ашады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...