Түркістан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 160 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 160 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2025-2029 жылдары 164 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Көкенов мәлімдеді.

«Өңірге тартылатын инвестициялық қаражаттың 100,81 млрд теңгесі электр қуатымен жабдықтауға, 34,53 млрд теңгесі ауыз сумен жабдықтауға, 20,09 млрд теңгесі жылумен жабдықтауға, 8,42 млрд теңгесі кәріз жүйелерін жаңғыртуға бағытталады. Бүгінде ұлттық жоба аясындағы ауыз сумен жабдықтау бойынша Шардара ауданындағы Егізқұм, Төлеби ауданындағы Жоғары Қасқасу, Жетісай ауданындағы Достық елді мекендерінің су құбыры желілерін жаңғырту жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Түркістан қаласының Шауғар ықшам ауданындағы Ортақ тұрғын алабының кәріз желілерін салу жобасының құны 1,74 млрд теңгені құрайды»-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...