Түркістан облысында жол-көлік апаттары 3,8%-ға азайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жол-көлік апаттары 3,8%-ға азайды

2026 жылдың 8 айында Түркістан облысы бойынша 787 (2025 жылы 8 айы — 818) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға төмендеген.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 7,5% — ға (1219-дан 1128-ге дейін) азайды, оның ішінде жарақат алғандар саны 7,5% — ға азайды (1025-тен 948-ге дейін), қаза тапқандар саны 7,2% — ға төмендеді (194-тен 180-ге дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Сайрам — 110, Түркістан қаласы — 99, Жетісай — 98, Арыс — 58, Созақ — 49, Түлкібас — 48, Сарыағаш — 45, Келес — 44, Шардара — 38, Сауран — 37, Ордабасы — 32, Төлеби — 27, Кентау қаласы — 22, Отырар — 22, Мақтаарал — 20, Бәйдібек — 19, Қазығұрт — 19.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...