Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
— Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен аяқтады.
Байрақты доданың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.
➖
Токаев поздравил сборную Казахстана с успешным выступлением на Играх кочевников
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил национальную сборную Казахстана с успешным выступлением на VI Всемирных играх кочевников, передает агентство Kazinform со ссылкой на Советника Президента — Пресс-секретаря Президента РК Айбека Смадиярова.
Президент подчеркнул, что это достижение стало возможным благодаря высокой самоотдаче, трудолюбию и железной воле наших атлетов.
Глава государства выразил признательность чемпионам и призерам, тренерскому штабу и всем специалистам, благодаря которым укрепляется международный авторитет Казахстана как страны, где культивируются национальные виды спорта.
Касым-Жомарт Токаев пожелал нашим спортсменам новых ярких достижений на самых престижных спортивных состязаниях.
Сборная Казахстана заняла первое место в медальном зачете VI Всемирных игр кочевников в Кыргызстане. Казахстанские спортсмены завоевали 74 награды — 32 золотые, 20 серебряных и 22 бронзовые.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары