Шымкент қаласының Абай ауданында «Құқық және тәртіп» ауқымды акциясы бастау алды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық науқан аясында мектеп командалары арасында футбол турнирі өтті.⠀
Шараны ұйымдастырушы — Абай ауданының прокуратурасы. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, жасөспірімдерді жағымсыз әдеттерден алшақтатудың ең тиімді жолы — оларға пайдалы балама ұсыну. Спорт денсаулықты нығайтып қана қоймай, жастарды ауызбіршілікке, тәртіпке және қойған мақсатына адал жолмен жетуге тәрбиелейді.⠀
Футбол бәсекесі аудандағы танымал спорт нысандарының бірі — «Металлург» спорт кешенінде өтуде. Дәл осы алаңда жас футболшылар өз шеберліктерін, жеңіске деген жігерін және ұжымдық ауызбіршілігін көрсете алады.⠀
«Құқық және тәртіп» акциясы оқушыларға заңды сақтаудың және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын еске салуды мақсат етеді. «Дөңгелек үстелдер» мен дәрістерден гөрі, ұйымдастырушы тарап бұл жолы бұқаралық спортты негіз етуді ұйғарған.⠀
«Бұзақылыққа кететін уақыт пен энергияны спортқа арнаған әлдеқайда тиімді екенін жастардың санасына сіңіргіміз келеді. Футбол қарсыласты сыйлауға және ойын ережелерін сақтауға үйретеді. Бұл — қоғамда да, өмірде де өте маңызды қағидаттар», — деп атап өтті Абай ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Уәлихан Жабаев.⠀
Турнир тартысты өтеді деп күтілуде. Дүбірлі сайысқа Абай ауданындағы түрлі мектептердің командалары қатысуда. Әрбір ойын — жасөспірімдер үшін өзін көрсетуге, жаңа достар табуға және сергек серпін алуға зор мүмкіндік. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапатталады.
➖
В Шымкенте стартовал футбольный турнир среди школьников
В Абайском районе города Шымкента дан старт масштабной акции «Право и порядок». В рамках профилактической кампании, направленной на пропаганду здорового образа жизни и предупреждение правонарушений среди молодежи, состоялось яркое спортивное событие — футбольный турнир среди школьных команд.
Организаторы мероприятия прокуратура Абайского района, уверены: лучший способ уберечь подростков от необдуманных поступков — это предложить им достойную альтернативу. Спорт не только укрепляет физическое здоровье, но и воспитывает командный дух, дисциплину и умение добиваться поставленных целей честным путем.
Футбольные баталии развернулись на поле одного из самых известных спортивных объектов района — в спортивном комплексе «Металлург». Именно здесь юные футболисты смогут продемонстрировать свои навыки, волю к победе и умение работать в команде.
Акция «Право и порядок» призвана напомнить школьникам о важности соблюдения закона и ответственности за свои действия. Однако организаторы решили отойти от формата скучных лекций.
«Мы хотим, чтобы ребята поняли: энергия, которую они тратят на спорт, гораздо ценнее, чем время, проведенное на улице без дела. Футбол учит уважать соперника и следовать правилам игры — это те же принципы, которые важны и в жизни, в обществе», — отметил прокурор отдела прокуратуры Абайского района Валихан Джабаев.
Турнир обещает быть жарким. В соревнованиях примут участие команды из различных школ Абайского района. Каждая игра — это шанс проявить себя, найти новых друзей и получить заряд бодрости. Победителей и призеров турнира ждут памятные призы, грамоты и, конечно, признание сверстников.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары