Шымкентте жас боксшылардың республикалық турнирі өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жас боксшылардың республикалық турнирі өтуде

Шымкентте жасөспірімдер арасында кәсіпқой боксқа бағытталған WBC Amateur Kazakhstan республикалық турнирі өтіп жатыр. 2010–2011 жылы туған жас спортшылар қатысып жатқан жарыс жас боксшылардың шеберлігін шыңдап, болашағы бар спортшыларды анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Турнирдің ашылу рәсіміне спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылар және федерация басшылығы қатысты. Жарыс барысында жас боксшылар өздерінің дайындығы мен спорттық шеберлігін көрсетіп, шаршы алаңда бақ сынауда.

Іс шара барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков пен Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Өтепбергенов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында жасөспірімдер арасында боксты кеңінен насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру және болашағынан үміт күттіретін дарындарды анықтау мәселелеріне басымдық берілетіні айтылды.

Республикалық турнир Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубында ұйымдастырылуда. Оған еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Жас боксшылар үшін мұндай жарыстар тәжірибе жинақтап, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар турнир аясында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Кәсіпқой бокс федерациясының басшылығына жасалған жаңа тағайындаулар таныстырылады.

WBC Amateur Kazakhstan республикалық турнирі 20 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. Жарыс қорытындысы бойынша жас спортшылардың нәтижелері сараланып, үздіктер анықталады.

Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы

➖

В Шымкенте проходит республиканский турнир по профессиональному боксу среди подростков

В Шымкентском клубе профессиональных видов бокса состоялось торжественное открытие республиканского турнира WBC Amateur Kazakhstan среди юношей 2010–2011 годов рождения. В мероприятии приняли участие представители сферы спорта, руководящий состав федерации, тренеры и молодые атлеты из различных регионов Казахстана.

С приветственным словом и пожеланиями успехов к участникам обратились президент Федераций профессионального бокса РК Рахымжан Ерденбеков и руководитель отдела городского Управления физической культуры и спорта Нұрлыбек Өтепбергенов . Спикеры подчеркнули, что соревнование нацелено на популяризацию бокса среди молодежи, повышение мастерства спортсменов и выявление перспективных талантов.

В рамках турнира также запланирована презентация новых назначений в руководстве Федерации профессионального бокса по городу Шымкенту и Туркестанской области. Соревнования продлятся до 20 сентября.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...