Шымкентте білім беру инфрақұрылымы жаңартылып, оқу орындарының қуаты артып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте білім беру инфрақұрылымы жаңартылып, оқу орындарының қуаты артып келеді

Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру нысандарын жаңғырту және оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Биыл қала мектептерінің 1-сыныбына 29 495 оқушы қабылданды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы мәлімдеді.

Оқу жылына дайындық барысында 7 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде 6 мектеп пен 1 балабақша бар. Жөндеу кезінде ғимараттардың ішкі және сыртқы бөліктері жаңартылып, шатыр, су құбыры, кәріз, электр желілері мен жарықтандыру жүйелері ретке келтірілді. Сонымен қатар автоматты өрт дабылы орнатылып, білім беру нысандарының аулалары абаттандырылды.

Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайту мақсатында 7 мектепте қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Бірқатар нысан толық пайдалануға берілсе, қалғандарының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстар мектептердің өткізу мүмкіндігін арттырып, оқушыларға қолайлы білім алу жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіптік білім беру бағыты бойынша да мемлекеттік тапсырыс көлемі айқындалған. Еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, 70 мамандық бойынша 28 колледжге 6 мың мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Оның ішінде 3 521 орын орта буын мамандарын даярлауға, 120 орын қолданбалы бакалавриатқа және 2 359 орын білікті жұмысшы кадрларды даярлауға бағытталған. Биыл аталған орындарға 6 мың талапкер қабылданды.
Осылайша, қалада білім беру инфрақұрылымын жаңарту, мектептердегі орын тапшылығын төмендету және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Толығырақ: https://youtube.com/live/uGsgD98c8-0

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан ...

Шымкентте шағын футболдан тартысты турнир өтті

Жарысты Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейін 2003 жылы тәмамдаған түлектер ұйымдастырды. Ала доп додасында мектептің әр жылдардағы түлектерінен құралған ...