Бозкілемдегі белдесу қыза түсті. Шымкентке 2011-2013 жылдары туған жас балуандар жиналды. Араларында енді ғана шыңдалып келе жатқан өрендер де, додадан тәжірибе жинап жүргендер де бар. Бұл жолы жеңіс үшін 584 ер бала мен 289 қыз бақ сынап жатыр.
Тамирлан Чабиков, балуан:
«Алдағы уақытта да күреспен айналыса беремін. Бұған дейін бірнеше жарыста топ жардым. Енді Қазақстан біріншілігіне іріктеуден өткім келеді. Еркін күреске келген соң, жаттығып, аянбай еңбек ету керек».
Жарысқа төрт елден 15 команда қатысып отыр. Қазақстандық балуандардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан спортшылары да бозкілемге шықты. Жарыстың бас төрешісі Марат Нұржановтың айтуынша, биылғы бәсекенің ауқымы кең.
Марат Нұржанов, жарыстың бас төрешісі:
«Бұл жарыс елге еңбегі сіңген жаттықтырушы Әмірхан Шадиевті еске алуға арналған. Ол талай шәкірт тәрбиелеп, ел чемпиондарын және халықаралық жарыстардың жеңімпаздарын шығарған. Осындай додаларда бапкерлер шәкірттерінің дайындығын байқайды. Техникалық шеберлігіне, физикалық дайындығына, жігеріне баға береді. Еркін күрес елімізде де, әлемде де кеңінен дамып келеді. Балуандарымыз құрлықтық және әлемдік додаларда жүлде алып жүр».
Жас балуандардың бәсекесі ертең де жалғасады. 23 қыркүйекте жеңімпаздар анықталып, үш күндік турнир өз мәресіне жетеді.
➖
В Шымкенте проходит международный турнир по вольной борьбе
В Шымкенте проходит международный турнир по вольной и женской борьбе памяти заслуженного тренера Казахстана Амирхана Шадиева. На ковёр вышли спортсмены 2011–2013 годов рождения.
За награды борются 873 юных спортсмена — 584 юноши и 289 девушек. В соревнованиях участвуют 15 команд из Казахстана, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана.
Турнир продлится три дня и завершится 23 сентября.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары