Шымкент әлемдік додада топ жарған мергендерді күтіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент әлемдік додада топ жарған мергендерді күтіп алды

Шымкентте Үндістанның Ахмедабад қаласында пара садақ атудан өткен әлемдік серияда ел намысын қорғаған Айзада Сейдан мен Жанат Айтимованы салтанатты түрде қарсы алды. Шымкенттік спортшылар жарыстан алтын және күміс медальмен оралды.

Айзада Сейдан, пара садақ атудан спортшы:
«Үндістанда өткен әлемдік серияда бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алдым. Бұл жарыстағы әсерім ерекше. Маған бәрі ұнады. Мен үшін үлкен тәжірибе болды. Финалға шыққан сәтте бұрын-соңды сезінбеген ерекше күйді бастан өткердім. Бұл мен үшін мүлде жаңа сезімдер еді. Қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға, Шымкент тұрғындарына алғыс айтамын!».

Командалық бәсекеде «құрама садақ, 50 метр» санатында Айзада Сейдан мен Жанат Айтимова 141 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Ал Айзада Сейдан жеке сайыста 144 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Фурхат Гүлматов, Шымкент қаласының пара садақ атудан аға жаттықтырушысы:
«Үндістанда өткен әлемдік серияға өте тыңғылықты дайындалдық. Жарысқа мықты командалар келді. Жартылай финалда Үндістан құрамасымен сайысып, оларды бір ұпай айырмасымен жеңдік. Финалда Ұлыбритания құрамасымен кездестік. Олар да әлемдік рейтингте алғашқы екі орында тұрған өте мықты команда. Финалда да бір ұпай айырмасымен басым түстік. Қыздарымыз чемпион атанды. Ал жеке сайыста Айзада Сейдан күміс жүлдегер болды».

Шымкенттік спортшылардың бұл нәтижесі халықаралық додада да өз мүмкіндіктерін дәлелдей алатынын көрсетті. Айзада Сейдан мен Жанат Айтимованы алда жаңа жарыстар күтіп тұр. Олар енді ел намысын кезекті халықаралық бәсекелерде қорғайды.

➖

Шымкентские паралучницы завоевали золото международного турнира

В Шымкенте торжественно встретили Айзаду Сейдан и Жанат Айтимову, успешно выступивших на мировой серии по парастрельбе из лука в индийском Ахмедабаде.

В командных соревнованиях шымкентские спортсменки завоевали золотые медали, одержав победу над сильнейшими соперницами. Айзада Сейдан также стала серебряным призёром в личном зачёте.

Спортсменки продолжат подготовку к новым международным стартам и рассчитывают вновь представить Казахстан на мировой арене.

Otyrar.kz

x

Check Also

Поручение Президента исполнено: В Шымкенте открылся реабилитационный центр на 150 мест

В Шымкенте состоялось открытие нового реабилитационного центра на 150 мест для граждан с инвалидностью. В мероприятии принял участие аким города ...

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан ...