Қолжетімді баспана: Шымкентте тағы 40 отбасы пәтер кілтіне ие болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қолжетімді баспана: Шымкентте тағы 40 отбасы пәтер кілтіне ие болды

Бүгін Шымкент қаласында кезекті 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Бұл – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, нақты нәтижені білдіретін маңызды оқиға. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Көп пәтерлі үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген кредиттік бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға беріліп отыр.

Баспанаға ие болғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.

Тұрғын үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес келеді.

Айта кетейік, Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Жоба баспана қолжетімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

➖

Доступное жильё: В Шымкенте ещё 40 семей получили ключи от квартир

40 семей — именно столько жителей Шымкента сегодня получили ключи от новых квартир. За этой цифрой не просто статистика, а конкретный результат. В церемонии вручения ключей принял участие аким города Габит Сыздыкбеков.

Многоквартирные дома расположены в микрорайоне «Асар-2». Жильё предоставлено в рамках льготных кредитных программам «2-10-20» и «5-10-20» АО «Отбасы банк» гражданам, подтвердившим платёжеспособность.

Получателями стали многодетные и неполные семьи, граждане с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, а также работники бюджетных организаций. Жилые дома соответствуют установленным строительным нормам и требованиям качества.

Стоит отметить, в Шымкенте данная работа проводится в рамках поручений Главы государства и направлена на повышение доступности жилья и улучшения качества жизни населения.

Пресс-служба акима города Шымкент

x

Check Also

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан ...

Шымкентте шағын футболдан тартысты турнир өтті

Жарысты Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейін 2003 жылы тәмамдаған түлектер ұйымдастырды. Ала доп додасында мектептің әр жылдардағы түлектерінен құралған ...