«Ордабасы» жанкүйерлеріне 1 тоннадан аса палау пісірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ордабасы» жанкүйерлеріне 1 тоннадан аса палау пісірілді

Шымкентте футбол сүйер қауым үшін ерекше жоба ұйымдастырылды. «Ордабасы» клубының кезекті матчы алдында стадион жанында 1 тоннадан астам палау басылды. Жергілікті команданы қолдау мақсатында қолға алынған бастама жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Ордабасы футбол клубының кезекті ойыны алдында 1 тоннадан астам палау пісірілді. Жергілікті команда ұжымын жігерлендіруді көздеген аспаздың бұл бастаманы қолға алғанына 3 ай болған. Ал қазір жанкүйерлердің дәстүрлі басқосу алаңына айналып үлгерді. Көп көлемді асты әзірлеген Мақсат Мамраимов бұл арқылы туған қаласы мен сүйікті командасына қолдау көрсетуді мақсат еткенін айтады.

Мақсат Мамраимов, палаушы:
«Тонна басылса да халық еститін еді ғой. Сол үшін, қалай айтсам екен, бейрасми рекорд болып қабылданатын шығар. Енді келесі жылы бұдан да көп басуға тырысамыз. Оны бекітеміз. Жаңағы Рекордтар кітабына қазақстандық рекордтар кітабына. Ерекшелік өзіміздің шымкенттік палау болады. Ең басты ерекшелік бір қазанда басылатын палау да бұл. Үш ай болды жұмыс істеп жүргенімізге. Клубтың тарапынан ұсыныс келді. Мен өзім Шымкент қаласының тұрғыны, тумасы ретінде өз қаламның, сүйікті клубымды, сүйікті қаламның клубын қолдауға, осында қызмет етуге келдік. 7 матч болды. Жақсы өтеді. Матчқа адам келеді. Біздің палауымыз матч басталғанша бітіп қалып жатыр»

Ұйымдастырушылар бұл жолғы нәтижені рекорд ретінде бекітуді көздегенімен, тағам әлі ресми тіркеуге алынбады. Алайда жауаптылар мұнымен шектелмейтінін айтады. Себебі бұл бір қазанда әзірленген қаладағы алғашқы жоба.

“Біз әдетте рекордты спорттан күтетін едік. Ол бүгін мына қазанда жасалып жатыр. 1000 литрлік қазанды аспаз арнайы жасатқан. Палау үшін 350 келіден аса күріш қолданылған. Ерекше сәтті тұрғындардың асыға күткенін халықтың қарасынан-ақ білуге болады”

Ойын басталғанға дейін стадионға жиналған көрермен ыстық тағамнан дәм татып үлгерді. Келушілердің бірі бұл жерге арнайы келсе, енді бірі футбол тамашалауға келіп, ерекше сәттің үстінен түскен.

“Мақсаттың палауын жеп көрмегенмін. Бірінші рет келіп тұрмын. Шымкенттік болғаны үшін қолдау көрсетуге келіп тұрмын. Ел жұртты қуантып, осылай басымызды қосқанына өте көп рақметімді айтамын. Ісіне сәттілік тілеймін”.

“Дәмі керемет. Істеген ісіне береке берсін. «Ордабасы» командасының әрқашан беделі биік болсын. Істеген істеріне береке берсін. Қазақстанымыз аман, еліміз тыныш болсын”

“Палауды бірінші рет келіп жеп жатырмыз ғой. Бұдан алдын жемегенмін. Футболға келіп жүрмін, палау жемегенмін. — Дәмі қандай екен? — Дәмді керемет. — Бүгін де «Ордабасыны» қолдайсыз ба? — Қолдаймын. Әрқашан қолдаймын «Ордабасыны”.

“Футбол ойнайтын адамдарды қолдаймыз. Соған келсек, палау пісіріп жатыр екен. Қазақ болғаннан кейін ауыз тиіп кетейік дедік. Өте дәмді рақмет. Халық өте риза болып жатыр”.

Бұл жоба арқылы 7 матч бойы стадион аймағында футбол жанкүйеріне палау ұсынылған. Ұйымдастырушылар келесі маусымда астың көлемін одан әрі ұлғайтып, бұл көрсеткішті Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде енгізуді межелеп отыр.

© “Otyrar” телеарнасы

x

Check Also

Поручение Президента исполнено: В Шымкенте открылся реабилитационный центр на 150 мест

В Шымкенте состоялось открытие нового реабилитационного центра на 150 мест для граждан с инвалидностью. В мероприятии принял участие аким города ...

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан ...