Шаршы алаңда нағыз бәсеке. Шымкентте жастар арасында бокстан қалалық чемпионат басталды. Сайысқа спорт мектептері мен клубтарынан 120 жас боксшы қатысуда. Жас спортшылар бұл жолы қала чемпионы атану үшін ғана емес, Шымкент құрамасының сапына ілігу үшін де барын салады.
Әбдікәрім Рамазан, боксшы:
«Бокспен айналысып жүргеніме бес жылдан асты. Бұл жарыс мен үшін өте маңызды. Себебі әр сайыста өзіңді сынап, тәжірибе жинайсың. Бокс – менің ең жақсы көретін спорт түрім. Сондықтан бұл жолы да жеңіске жетіп, чемпион атанғым келеді. Сол үшін бар күшімді салып, жақсы дайындалып келдім».
Жарыстың маңызы мұнымен шектелмейді. Қалалық чемпионат – жастар арасындағы Қазақстан біріншілігіне іріктеу кезеңі. Ел біріншілігі қазан айында өтеді. Сондықтан әр жекпе-жек жас спортшы үшін маңызды. Жеңіске жеткендер ел чемпионатында Шымкенттің намысын қорғайды.
Болат Сүлейменов, Шымкент қаласы бокс федерациясының негізін қалаушы:
«Осы айда Азия ойындары өтеді. Қазір спортшыларымыздың барлығы дайын. Олардың қатарында Шымкенттен шыққан Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және басқа да мықты боксшылар бар. Біз олардан үлкен үміт күтеміз. Алдағы мақсаттары – Олимпиада ойындарына қатысып, қаламыздың, еліміздің атын шығару. Қазір бокстың қарқыны жақсы. Жарыстарды жиі өткізіп жатырмыз. Алдағы Азия ойындарында да, әлем чемпионаттарында да Қазақстанның көк туын биіктен көрсетуге тырысамыз».
Шымкент – талай саңлақ боксшыны түлеткен шаһар. Бүгінгі додада да бапкерлер болашағынан үміт күттіретін жастарды байқап, олардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады. Бәлкім, шаршы алаңда жұдырық түйістірген осы жастардың арасынан ел намысын әлемдік аренада қорғайтын болашақ чемпиондар шығар.
➖
В Шымкенте определяют сильнейших молодых боксёров
В Шымкенте стартовал городской чемпионат по боксу среди молодёжи. За медали и место в сборной города борются 120 спортсменов из спортивных школ и клубов.
Турнир является отборочным этапом к чемпионату Казахстана среди молодёжи, который пройдёт в октябре 2026 года. Поэтому конкуренция на ринге особенно высокая.
Для молодых боксёров это возможность заявить о себе и сделать следующий шаг к республиканским и международным соревнованиям.
Шымкент традиционно считается одним из сильных центров отечественного бокса, а такие турниры помогают находить новых перспективных спортсменов.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары