Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді.

Жобаны әлемдегі биологиялық ашыту саласы көшбасшыларының бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвестициялаудың алғашқы кезеңіне 350 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдей алады.

Екінші кезеңде кәсіпорынның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру қарастырылған. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрайды.

Өнеркәсіп паркін құру 1,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және елімізде жүгері дәнін терең өңдеу бойынша толық өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...